ВОЛЕЙБОЛДАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРУЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

205
Екібастұз қаласында волейболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Елшілік жарысқа елімізден 9 команда қатысты. Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Павлодар, Екібастұз, Шығыс Қазақстан, Шымкен, Түркістан өңірлерінің арулары бақ сынады.
Нәтижесінде Түркістан облысының командасы ақтық сында «Жетісу» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жасөспірім қыздар арасында өткен көктемгі ел чемпионатында түркістандық арулар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне қуаныш сыйлады. Жүлделі екінші орынды жетісулық бұрымдылар иеленсе, үшінші орын Павлодар қаласының командасына бұйырды. Енді жеңімпаз атанған жерлестеріміз жоғарғы лигада әйелдер командалары арасында өнер көрсететін Түркістан облысының «Тұран» ойын түрлері клубында қаралымнан өтетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements