ТҮРКІСТАННЫҢ ДЗЮДО ШЕБЕРЛЕРІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

195
Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Айтулы сында Түркістан облысының спортшылары 3 алтын, 4 күміс жəне 1 қола медаль жеңіп алды.
50 келі салмақта Рамазан Сүйіндіков алтын медаль иеленсе, сонымен қатар, болашағы жарқын талантты балуан Сардар Әбдісамитұлы +90 келі салмақта жеңімпаз атанды. Ал қыздар арасында 63 келіде сынға түскен Қарлығаш Тельман да жеңістің шыңын бағындырды.
Түркістандықтар – Әділет Ілесбек пен Алихан Назымханов, Гүлназ Өмірбек пен Ақбота Қыдырәлі күміске иелік етсе, 90 келіде күш сынасқан Қалмырза Нұрдәулетке қола жүлде бұйырды. Балуандарымыз командалық есепте екінші орынды еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
Advertisements