Түркістан: Вице-министр шардаралық шаруалардың мәселелерін тыңдады

188
Түркістан облысы, Шардара ауданына Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов іс-сапармен болды.
Вице-министр шаруалар мен диқандармен, аудан депутаттары және су мамандарымен кездесті.
Кездесу барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Сырдария өзенінің бассейнінде қалыптасып отырған су-шаруашылық жағдайға байланысты 2022 жылы Қызылқұм массивінде 2021 жылғы көлемнен артық егістік орналыстырған жағдайда, вегетация кезеңінде суармалы су жетіспеу мүмкін екенін және Шардара ауданының әкімдігінің Қызылқұм каналы арқылы егін алқаптарын ылғандандыруға және сор шаюға ағын су жетіспеушілігі жөнінде ақпараттары талқыланып келесідей Шешімдер қабылданды:
1. 2022 жылы вегетация кезеңінде ағын су көлемінің аз болуы мүмкіндігін ескере отырып Қызылкұм массивінде ағымдағы жылға жоспарланған егіс көлемін 2021 жылғы көлемнен асырмау;
2. Су ресурстары комитеті Шардара су қоймасынан 2022 жылдың Қызылқұм каналы арқылы Қызылқұм массивіне 2021 жылдың көлемінде ағын су берілуін қамтамасыз ету.
Кездесу қорытындысы бойынша Қызылқұм каналына секундына 120 текше метр ағын су жіберілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Advertisements