Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: бірнеше санның арифметикалық орта
Сабақтың тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: бірнеше санның арифметикалық орта |
Бөлім | Статистика. Комбинаторика |
Педагогтің аты-жөні | Ескермесова Сауле Абдуллаевна |
Күні | |
Сыныбы: 6 «А» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: бірнеше санның арифметикалық орта. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар үшін:
Статистикалық санды сипаттамаларды есептей алады. Көпшілік оқушылар үшін: Алыған нәтижелерді пайдаланып тәжирибе түрінде көрсете біледі. Кейбір оқушылар үшін: Тиімді амалдарды пайдаланып, зерттеулер жасай алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны |
||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлерін беру. Әр оқушы өз оймен бөлісу.
Өзгенің пікірін толықтыру. оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру |
1.Статистикалық санды сипаттамаларды есептеу үшін нені білу керек?
2. Топтағы оқушылар аяқ киімінің өлшемінің арифметикалық ортасын, модасын, медианасын анықтайды 3. Аяқ киім дүкенінің басшысы осы өлшемдердің қайсысын жақсы білуі тиіс? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дескриптор: Жалпы – 3 балл 1. Санның бөлігін таба алды 2.Бөлігі бойынша санды таба алды 3.Берілген есептерін сипаттап көрсете алды |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | ||||||||
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу. 31 мин. |
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беру | Білім алушылар “«Түртіп алу» әдісі бойынша өзіне қажетті мәліметті, ақпаратты жазып алады | ҚБ: Танымдық қабілеттерін өзара бағалау | Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады. | ||||||||
«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы (әр топқа жеке тапсырмалар беріледі) Кестеде Астана халқының әр жылдағы халық саны көрсетілген. Осы цифрлардың өзгеріс ауқымын табу | 1-тапсырма
Оқушылар -статистикалық мәліметтер алып, алынған мәлімет бойынша ақпаратты анықтап, талдау жүргізеді |
Дескриптор: Жалпы – 4 балл
-статистикалық мәліметтерді алды – алынған мәлімет бойынша ақпаратты анықтай алды, – талдау жүргізе алды
– есепті шығара алды. |
ДК экраны
6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. |
|||||||||
1. Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына барлығы 32 команда қатысып 1 турда соғылған голдардың саны 5,1,1,6,3,2,1,2,1,1,2,1,3,3,3,3. Соғылған голдардың арифметикалық ортасын табу | Оқушылар тапсырманы орындайды, бақылау жүргізеді
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл
1.Арифметикалық ортаны анықтай алды 2.Моданы анықтай алды 3.Медиананы анықтай алды |
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері. |
|||||||||
Сабақтың соңы
Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдау
Мақсаты: Оқушыны алған білімін саралай білуге дағдыландыру Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау.Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалау. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалау
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||||||||
Авторы: С.Ескермесова
№28 мектеп-лицей
Түркістан қаласы