АРЫСТА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

335
Арыста  қалалық ардагерлер үйінде халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған мәдени іс-шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арнайы қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Мерекелік шарада сөз алған шахар басшысы баланың қуанғанынан артық әлемде бақыт жоқ екендігін жеткізіп, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады.
«Қымбатты балалар! Біздің көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры, болашағымыз – сендерсіңдер! Сондықтан да, Сіздер, сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз керек. Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!» – деді Гүлжан Мамытқызы.
Бұдан кейін қала басшысы ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, оларды шексіз қуанышқа бөледі.
Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Әрмен қарай мерекелік дастархан жайылып, мереке иелеріне тәттілар таратылды. Іс-шараның соңында ата-аналар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, игі іс шараны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды.
Бала – бауыр етіміз. Болашағымыз. Өміріміздің жалғасы. Балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік. Мереке құтты болсын!
Возможно, это изображение 2 человека, ребенок, люди стоят и в помещении
Возможно, это изображение 3 человека, люди стоят и в помещении
Advertisements