АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

368

Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы – Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Анашбеков жер қатынастары бөлімі мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Арыс қаласының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Әбдіқадырұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бойынша өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер консультация берді.

Бұдан бөлек, жиында 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум тақырыбы талқыланды. Жиын барысында елдің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған референдумның маңыздылығына түсіндірме беріліп, жан-жақты сұрақтарға жауап берілді.

 

Возможно, это изображение 7 человек, люди сидят, люди стоят, мебель, в помещении и офис

Advertisements