АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

219

Арыста барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері сағат 10.00-де бір мезетте Мемлекеттік Гимнді шырқады.

Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев пен

қалалық мәлсихат хатшысы Амантай Байтанаев, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұраны ұлықталған шарада сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев  патриоттық акцияның ұрпақ үшін маңызы зор екенін айтты.

“Бұл іс-шара жас ұрпақтың Отанға, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятады. Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ игілігіміз. Олар – қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың қайнар көзі. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, өскелең ұрпақты өз елінің тарихын, оның жетістіктерін құрметтеуге және оларды мақтан етуге үйретуіміз керек”, – деді ол.

Айта кетейік, игі шара қаламыздағы барлық ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелерде жалғасып, қызметкерлер бір мезетте Әнұран шырқады.

Advertisements