АУЫЛДЫҚТАР ТАҢДАУ ЖАСАУДА БЕЛСЕНДІ

226
Референдум – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Таңдау жасауда қала тұрғындарымен бірге ауылдық округ тұрғындары да белсенді қатысуда.
Мәселен, №23 референдум учаскесіне сағат 08:00 болмай Ақдала ауылының «Айпара-ана» әжелер тобы толық құраммен қатысып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, ауыл қариясы 80 жастағы Оралбек Алдабергенов атамыз да елмен бірге науқанға қатысып, батасын берді.
Ал Байырқұм ауылында орналасқан №28 референдум учаскесіне алғашқы болып Егенберді Спатаев келіп, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ 81 жастағы Есенәлі Сәрсенов те референдум маңыздылығын ескеріп, жалпыхалықтық шараға қатысты.
Advertisements