ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТЕДІ
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Ертең, яғни 9 маусым күні «Отбасы банк» АҚ өкілдері қала тұрғындарына ипотекалық тұрғын үй алу, банк ұсынатын жеңілдіктер, банк ұсынатын бағдарламалар туралы консультация беретін болады.
Ашық есік жағдайында ұйымдастырылатын кеңес беру шарасы сағат 11.00-де Арыс қаласы әкімдігі ғимаратының 1-қабатында өтеді.
Семинар-кеңесте жеңілдетілген пайызбен тұрғын үй алу бойынша көкейде жүрген сан түрлі сұрақтарға жауап аласыздар.