ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, КӨЛІГІ АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

229

10 маусым күні әлеуметтік желіде Арыс қаласындағы «Теміржолшылар» саябағының кіреберіс қақпасында автокөлікпен жүрген азаматтардың видеосы тарады.  Бейнежазбада КІА маркалы автокөлік иесі жол жүрісі қағидаларын өрескел бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен жүргені анық көрінеді.

Аталған жайт қала әкімдігінің шұғыл назарына алынды. Арыс аудандық полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, санаулы сағат ішінде көлік жүргізушісін анықтады.

Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған көлік иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 2-бөлімімен айыппұл салынып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары. Егер Сіз қоғамдық орындарда өрескел заңбұзушылықтың куәсі болсаңыз, үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына шұғыл хабар беруіңізді сұраймыз.

 

Возможно, это изображение автомобиль

Advertisements