Арыста «Үлгілі көше», «Үлгілі аула» номинациялары бойынша байқау өткізіледі

271
Қала ауыл және тұрғындарын,тұрғын үйлерін көркейту,көгаландыру, мөлтек ауданның, елді мекендердің көшелерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар арасында жарыс ұйымдастырылады.Төмендегі шартты орындаған қатысушы жарыстың жеңімпазы бола алады:
1. «Үлгілі үй» атағына:
-үйдің үлгілі жағдайы;
– аумағының уақытылы тазалануы;
– талдың егілуі және қырқылуы, гүлзарларды бөлуі;
– арықтарды тазалау және талдарды әктеу.
«Үлгілі үй» атағы берілген үй иесі қала əкімінің Алғыс хатымен марапатталып, «Үлгілі үй» белгісі қоса тапсырылады жəне сыйақы беріледі.
2. «Үлгілі аула» атағына:
– стандартқа сәйкес жарықтандырылуы және үйдің нұсқау нөмері, әрбір үйдің аншлагтарының нақтылығы;
– отырғызылатын көшеттерді күту, жер суғару,( ирригатциялық) жүйенің және көшенің үй айналасының тазалығы;
– көп пәтерлі үйлердің кіре берісі және тиісті сыртқы аумағының көріктендірілуі;
– көшелермен ауланың уақтылы тазалануы;
«Үлгілі аула» атағы бекітілген мекеме қала əкімінің Алғыс хатымен марапатталып, «Үлгілі аула» белгісі қоса тапсырылады жəне сыйақы беріледі.
3. «Үлгілі кіреберіс»атағына:
-кіреберістің үлгілі жағдайы;
– аумағының уақтылы тазалануы;
– кіреберістің жылы және жарық болуы;
– есік және әйнектерінің бүтін болуы.
«Үлгілі кіреберіс» атағы берілген жеңімпаз қала əкімінің Алғыс хатымен марапатталып, «Үлгілі кіреберіс» белгісі қоса тапсырылады жəне сыйақы беріледі.
4. «Үлгілі ауыл» атағы елді мекендер арасындағы жарыстың мақсаты: Елді мекендер аумақтарын көркейту,көгалдандыру және санитарлық тазалықты ұйымдастыру мақсатында байқау өткізіледі.
– ауыл аймақтарын көшелерді көркейту, олардың санитарлық тазалығы және күл-қоқысын шығару;
– әкімшілік ғимараттарды,өндірістік орындарды, талдарды, тұрғын үйлерді әктеу,қақпаларды және қорғандарды сырлау;
– елді мекен аумақтарын түрлендіру,әрлеу;
– «Үлгілі үй» және «Үлгілі көше» атағында көрсетілген талаптардың орындалуы шарт.
«Үлгілі ауыл» атағы берілген жағдайда қала əкімінің Алғыс хатымен марапатталады жəне «Үлгілі ауыл» белгісі қоса беріледі.
5. «Үлгілі сектор» атағына:
– сектор аймақтарын көркейту,олардың санитарлық тазалығы және күл-қоқыстан шығару;
– әкімшілік ғимараттардың, өндірістік орындардың, талдардың, тұрғын үйлердің әктеу, қақпаларды және қоршаулардың сырлануы.
– Сектордың аймақтарын көріктендіру, әрлеу.
Advertisements