АРЫСТА СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

260
«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші.
Бүгін Арыс қаласы мен қалаға қарасты барлық ауылда «BIRGE – TAZA QAZAQSTAN» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Бірлесе ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Осы орайда, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Advertisements