АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

306
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді ұлы мұрамызды ұлықтайтын – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр.
Ұлттық домбыра күні жас ұрпақты жалпыұлттық өнерге баулуға мүмкіндік беретініне, ал болашақта домбыраның қадір-қасиеті арта беретініне күмән жоқ.
Киелі Арыс топырағында Майлықожа, Ергөбек Құттыбайұлы, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы, Сақ ақын, Бибайша Исабекқызы, Самса Байғабылқызы, сынды ақын-жыраулардың, күй өнерін көкке көтерген ұлылардың ізін бүгінде домбыраны жанына серік еткен жерлесіміз Қарсыбай Ақтаев, Ералы Әлімбеков, Ердәулет Келдебектер жалғап, ғұмырын киелі өнерімізді насихаттауға арнап келеді.
Ардақты ағайын!
Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін! Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение текст
Advertisements