АРЫСТА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

252
Бүгін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаевтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелері, Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әуесхан Бейсенов, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков Қабылсай және С.Ерубаев жалпы орта білім беретін мектеп директоры мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп псиxологтары және аудандық полиция қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде жыл басынан қала аумағында орын алған кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен суицид фактілері және оның алдын алу жұмыстары, жазғы демалыс уақытында мектеп оқушыларының демалысын тиімді ұйымдастыру мен шомылу маусымында суға кетудің алдын алу мәселелері қаралып, арнайы баяндамалар тыңдалды.
Отырысқа қатысушылар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, шешу жолдары қарастырылды.
Advertisements