АРЫС: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

267
Бүгін «Amanat» партиясы Арыс қалалық филиалының қоғамдық қабылдау кеңсесінде қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, дербес бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Қоғамдық қабылдауға жүгінген қала тұрғындары; тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, тұрақты жұмысқа орналасу, аяқжол салу бойынша мәселелерді көтерді.
Қала басшысы қабылдауға келген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті бөлім басшыларына тұрғындар мәселесін заң шеңберінде шешуді жүктеді.
Жеке қабылдауға келіп ұсыныс, пікір білдірген, өтініш айтып, мұң-мұқтажын жеткізген әрбір тұрғынның мәселесі бойынша құжаттар толтырылып, орындалуы бақылауға алынды.
Advertisements