Арыста антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары өтеді
“2022 жылдың 8-9 шілде күндері аралығында Арыс қаласында “Арыс-антитеррор 2022” антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары өтеді.
Іс-шараның мақсаты –террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру. Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.” – делінген қала әкімдігінің ресми баспасөз хабарламасында.