Арыста Құрбан айтқа орай қайырымдылық акциясы өтті

246
Арыста қасиетті Құрбан айт мерекесінде қайырымды істер жалғасын табуда. Ұлық мереке қарсаңында «Қолғабыс» қоғамдық қоры қала кәсіпкерлерімен бірлесіп көмекке шын мұқтаж отбасыларға айттық таратты.
Атап айтқанда, Құрбан айттың екінші күнінде 10 сиыр мен 5 қой құрбандыққа шалынып, 200-ге жуық отбасыға таратылды.
Осы игі істердің жаршысы болған “Қолғабыс” қоры өкілдерінің айтуынша, “Тезко-Трейд” компаниясы 5 сиырға, ал қала кәсіпкерлері 5 сиыр мен 5 қойға демеушілік еткен.
Жақсылық жасаудан жарысып, мәрттік пен жомарттықтың нағыз үлгісін көрсеткен жаны жомарт азаматтарға алғыс білдіреміз! – делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Advertisements