МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

278
Құрметті қала тұрғындары!
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 2022 жылдың 24 тамызында сағат 17:00-де Арыс қаласы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн форматта мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Онлайн жәрмеңкеде Арыс қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, Арыс қалалық ауыл шаруашылық, адами әлеуетті дамыту, ветеринария және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары тікелей эфирде арнайы баяндама жасайды. Осыған орай, жоғарыда аталған салалар бойынша тікелей эфирге қатысып, сұрақтарға нақты жауап алуға болады.
Айта кетейік, бұл жәрмеңке мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрғындардың құқығы мен бостандығын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст «арыс туркстан облысы арыс каласы aKİMİ аппараты мемлекеттк кызметтер онлайн жерменкес государственных услуг сфере государственные доходы, сельское хозяйства, развития человеческого потенциала, ветеринарияи земельные отношения мемлекеттк кірістер, ауыл шаруашылыгы, адами элеутт дамыту, ветеринария жене жер катынастары салалары бойынша 24август2022года 24 август 2022 года 17:00 час онлайн ярмарка государственных услуг 24 тамыз 2022 жыл caFat: 17:00»
Advertisements