АРЫС ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

215
Құрметті қала тұрғындары!
Қазіргі кезде Арыс қаласына тартылған магистральды газ құбырына көгілдір отын жеткізілген. Ал енді оны әрбір үйге кіргізу үшін қала тұрғындарының белсенді әрекеті қажет-ақ.
Осыған орай, назарларыңызға тұрғын үйге газ құбырын кіргізу мен монтаждау жұмыстарына қатысты ресми ақпарат ұсынамыз.
Аулада орналасқан газдың есептеуіш жәшігінен үй ішіне газ құбырын жүргізу мен құжаттандырудың жиынтық бағасы – 105 000 мың теңге деп белгіленген.
Бұл ақыға төмендегідей қызмет түрлері енеді:
1. Жобаны әзірлеу;
2. Жуандығы 15-20 мм 30 метр құбыр (одан асқан жағдайда ақысы бөлек есептеледі);
3. Өшіру клапаны бар газ дабылы (1 дана);
4. Дәнекерлеу ақысы;
5. Атқарушы техникалық құжаттама.
Егер осы аталған қызмет ақысын қаржылық ұйым немесе банк арқылы несиеге, яки бөліп төлеу арқылы қаржыландыру қажеттігі туындаса, оның пайыздық өсімақысы жоғарыда көрсетілген бағадан бөлек, тараптардың өзара келісімімен нақтыланады.
Advertisements