ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

205
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары кәсіпқойлықты, зор рухани күшті, даналықты, шыдамдылықты және адалдықты талап ететін игілікті еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие.
Біз, жаһандану заманында адами капиталды тәрбиелеуде алдына қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыра алатын қабілетті, жоғары деңгейдегі білімді және талантты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз.
Бүгінгі таңда қаламызда мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Осындай қолдау арқылы ұлағатты ұстаздар мен олардың шәкірттері облыстық әрі республикалық деңгейде қаламыздың мәртебесін арттыруда.
Осы орайда, Арыс қаласының білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаз – ардагерлерге ерекше алғысымды білдіремін!
«Бала жанының бағбаны» атанған ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше. Ендеше, мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат, білім шыңына шығармашылықпен өрлей берулеріңізге тілектеспін!
Білімді және саналы шәкірттеріңіз көп болсын!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение текст
Advertisements