ӘКІМ МЕКТЕПТІ АРАЛАП, КЛУБ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

253
Жергілікті тұрғындармен кездесу шарасы аясында Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Көкжиде елді мекеніндегі М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектепте болып, клуб құрылысының жұмысымен танысты.
Әкім алдымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ордасына барды. Кабинеттерді аралаған Г.Құрманбекова кей сыныптардағы сабаққа да қатысты.
Мектептің едені мен есігін, шкаф-партасы мен дәретханасын, тіпті ауласындағы арық-атызына дейін мұқяит назар аударған әкім мектеп басшылығына жылу қазандықтарын сұйық отын мен көмірден бөлек, газ келгенде оңай ғана қосуды қазірден ойластыруды ұсынды.
Сондай-ақ, мектеп ауласында салынып жатқан спорт алаңшасы мен оның маңайын көгалдандыруды жедел қолға алу қажеттігін ескертті.
Содан кейін Гүлжан Құрманбекова Жиделі ауылында бой көтеріп жатқан кітапхана мен клуб құрылысының барысымен танысты.
120 орындық мәдени нысан құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған. Алайда, мердігер компания жетекшілері аталған нысанды жыл соңына қарай пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Advertisements