МӨЛТЕКАУДАНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛЫП, КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

198
Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың Арыс қаласының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Мемлекет басшысының арнайы Жарлығында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында ұйымдастырылған жиын сұрақ-жауап арқылы ашық пікір алмасу бағытында өрбіді.
Алдымен қала әкімі осы кезге дейін іске асырылған жобалар мен қолға алынатын жоспарлар туралы аз-кем баяндап өтті.
Сондай-ақ, мұның алдында өткен кездесулерде айтылған ұсыныс, пікірлер мен өтініш, тілектердің орындалуын саралады.
«Мұның алдында біз сіздермен сәуір және тамыз айында кездескен едік. Сол кезде де 22 ұсыныс, пікір айтылған. Қазіргі кезде оның 9-ы орындалып, 1-і тұрақты бақылауда, ал қалған 12 ұсыныс қаржыға байланысты кезең-кезеңімен шешілетін болады», – деді Гүлжан Мамытқызы.
Жалпы жиын аясында тұрғындар ұсынысына орай, Арыс қаласына дейінгі ауыз су жүйесі мен суаққы құрылысы жүргізіліп жатқаны және «Саяжай-1, 2, 3» тұрғын ауданында су құбырларының құрылысы басталғаны баяндалды. Оған қоса, биыл аталған аудандарда электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, ал «Тараз» мөлтекауданында кәріз жүйесінің құрылысы басталғаны айтылды.
Advertisements