АРЫСТА «ҚОҚЫССЫЗ ТАБИҒАТ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

205
Бүгін Арыс қаласы мен қалаға қарасты барлық ауылда «Қоқыссыз табиғат» экологиялық акциясы өтті.
Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері, денсаулық сақтау, мен қала тұрғындары және еріктілер қатысты.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Айта кетейік, аталған акция қазан айының соңына дейін жалғасады. Яғни, қазан айының әр сенбісінде жалпықалалық сенбілік өтіледі деп жоспарланған.
Бірлесе ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосатыны сөзсіз.
Сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!
Advertisements