ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

198
Арыс қаласының мәдениет үйінде ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай «Ұстаз жолы – ұлы жол» атты салтанатты шара өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев, білім саласына еңбегі сіңген ардагерлер мен ұстаздар және өнерпаз оқушылар қатысты.
Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы мереке иелеріне жүрекжарды тілегін білдіріп, білім саласында табысты еңбек еткен бірқатар ұстазға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Алғыс хаттар табыс етті.
«Арыс қаласының білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаз – ардагерлерге ерекше алғыс білдіремін! Өйткені, «бала жанының бағбаны» атанған ұстаздарымызға деген біздің құрметіміз шексіз.»- деді Гүлжан Мамытқызы.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев пен Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков те бірнеше мұғалімді марапаттап, мерейін үстем етті.
Шара барысында өнерлі мұғалімдер әннен шашу шашып, көрермендер қошеметіне бөленді.
Advertisements