ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

190
Бүгін қаламызда «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық тазалық акциясының екінші апталығы өтті.
Табиғатты аялауды мақсат тұтқан бастамаға әкім орынбасарлары бастаған мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылды.
Тазалық шарасы барысында Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы ағаш діңдері әктеліп, жол жиегін қаулаған шөптер шабылып, қоқыстан тазаланды.
Игі шара қалаішілік көшелерде, ауылдық округтерде, мекеме-ұйымдарда жалғасын тауып, табиғатқа жанашыр қала тұрғындарының көмегімен тазалық жұмыстары жүргізілді.
Алаш елінде «Ауылына қарап, азаматын таны» деген мағынасы терең, пәлсапалық сөз бар. Сырттан келген сыншының көзі сүйсініп, өзіміз үшін мақтаныш сезімі ұялайтын Арыс қаласының тазалығы бәрімізге ортақ. Барша қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамыз!
Айта кетейік, аталған тазалық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасатын болады.
Advertisements