ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

224
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 28 қазан сағат 11.00-де Ленгір қаласы, Төлеби көшесі 237, мәдениет үйінде өтеді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 28 қазанда сағат 12.00-де Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі 50А, «Орталық саябақта» орналасқан ардагерлер үйінде өтеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Аменгелдіұлы Сатыбалдының Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 28 қазанда сағат 16.00-де Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі 27, «Өнер мектебінде» өтеді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 28 қазанда сағат 17.00-де Қазығұрт елді мекені, Ертіс көшесі 27, «Өнер мектебінде» өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы
27 қазанға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат
13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!
​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.
Advertisements