Түркістан облысының аудан, қалаларында көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту, полигондардың сапасын арттыру жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары бақылауға алынады. Осы бағытта Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, жиын өткізді.
Жиында басқарма басшысы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жауапты сала мамандары мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және полигондарды заңдастыру мәселесі шешілуі тиіс екенін айтып, тиісті жұмыстарды жандандыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған еді. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде аталған жоспарларды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, – деді Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.
Мәжіліске аудан, қала әкімдері, сала мамандары және мекемеден аудан, қала әкімдіктерінің елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарын үйлестіру, көшеттерді босату мен тасымалдауға бекітілген қызметкерлер қатысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша мәлімдеді. Сондай-ақ Түркістан қаласы мен Сауран ауданында қала айналасынан «Жасыл белдеу» құруға жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, алдағы уақытта нақты шешім қабылданатыны қаралды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға басқарма басшысы жауап берді.
Айта кетейік, облыс әкімінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланған. Бүгінгі таңда барлығы 13 629 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда.