Арыс қаласы және ауылдық округтер аумағына 59 429 дана ағаш көшеттері отырғызылды.

126
 Ағаш көшеттері отырғызылған ұзындығы 9 шақырым қоршау орнатылды. Ал тамшылатып суғару жүйелерінің ұзындығы – 6,0 шақырымды құрады. Осы мақсаттарға 2 су ұңғымасы қазылды.
​Өткен жылы Арыс қаласындағы Сырдарья елді мекенінде «С.Адамбеков» атындағы саябағы қолданысқа берілді. Биыл 8 футбол алаңшалары жөндеуден өткізілді.
Бұдан өзге, Түркістан қаласындағы 17 көшеге жерге орналастыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
​Шағыр елді мекеніне жеке инвестордың есебінен футбол алаңшасы мен «Street Workout» орнатылды. Жоба құны 30,00 млн. теңге құрайтын кәсіпкер есебінен салынды.
Айта кетейік, Арыс қаласында демалыс орындары — 15. Атап айтсақ, саябақтар — 5, аллея — 2, сквер — 5, арбат — 1, мемориал — 1, монумент — 1. Сондай-ақ футбол алаңшалары — 25, ойын алаңшалары — 12, спорт алаңшалары 5
Advertisements