АРЫСТЫҚ ҚОЛӨНЕРШІНІҢ ТӨЛ ӨНІМІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

204
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасы.
Арыс қаласы, Ақдала ауылының тұрғыны Алмагүл ЕсенқұловаТүркістан облысы көлемінде өткен «Бір ауыл-бір өнім» байқауында үздік атанды.
Бұл жоба Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралы аясында өтті.
Жобаға, өңіріміздің барлық аудан-қаласынан жыл басынан бері кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түскен. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін 17 кәсіпкердің өнімі «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік көрме-байқауына қойылды.
Негізінен «Бір ауыл – бір өнім» кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнімді әзірлеу және ілгерілету жөніндегі қызметтерді ұсынуға бағытталған жоба.
Бренд комитет мүшелері басқосуда бұрын соңды білмеген өнім түрлерін көргенін атап өтті. Сондықтан барлық отандық өнімге лайықты деңгейде қолдау білдірілуі керек.
Нәтижесінде былғарыдан түрлі бұйымдар жасайтын қолөнерші Алмагүл Шереханқызы үздік атанды.
Енді, жоба үздігі ретінде жерлесімізге республикалық деңгейде сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, «Атамекен» кәсіпкерлік палата тарапынан қолдау білдірілмек.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Advertisements