АРЫСТЫҚ БАЛДЫРҒАНДАР ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ

112

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларын қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалысына биылғы жылға 743 бала қамту жоспарланып,

ІІ-кезеңге – 374 оқушы тиісті құжаттарын рәсімдеп, Түлкібас ауданы, Машат ауылына қарасты «Арман шипажай» лагерьге демалыс орнына жіберілді.

Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты: балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бала демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне жолға шыққан оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі, қуанышта.

Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс – шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Балаларымызға, жаз мезгілінде жазғы сауықтыру лагерлерінде, денсаулықтарын нығайтып, көңілді өткізуін тілейміз!!

Балаларымызға сәт сапар!

Advertisements