ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

100

Қала әкімінің тапсырмасымен құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топ кезекті рейдтік шара барысында бұзушылықтарды анықтады.

Құрамында Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен Жер қатынастары бөлімі мамандары бар мобильді топ аудандық полиция бөлімімен бірлесіп Оңтүстік мөлтек ауданында заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың жолын кесті.

Рейдтік шара барысында аумағы 010 гектар жерді қазып, жердің құнарлы қабатын сыдырып, заңсыз жер қойнауын пайдаланып жатқан тұлғалардың тиегіш (погрузчик) пен эксковатор техникасы айыптұрағына қамалды. Жер кодексінің 65 және 140 баптарының талаптарын бұзғаны үшін облыстық тиісті құзырлы органдарға шара көру бойынша жолданды.

Рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Advertisements