САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫН ӨТТІ

97

Бүгін қалалық Ардагерлер кеңесінің мәжіліс залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия жанынан құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.

Қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы төрағалық еткен жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің бөлім басшысы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Бақытжан Әшірбаев, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия мүшесі, Қ.А.Ясауи университетінің доценті –Сержан Қарсыбайұлы, тарихшы, ағылшын маманы, Қ.А.Ясауи университетінің оқытушысы – Нұрлан Оразхан және Ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени орталығының мүшелері, сала мамандары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия мүшелері жан-жақты баяндамалар жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарынан естелік әңгімелер, құжаттар мен фотолар жинақтау жайында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өз ойлары мен бірқатар ұсыныстарын айтты.

Advertisements