ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ! ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Түркістан облысы бойынша «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың 5 мамыры күні Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жел соғады.
Осыған байланысты, Арыс қаласы әкімдігі қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.
Қолайсыз ауа-райында абай болыңыздар!
АСА ҚАЖЕТ БОЛМАСА АЛЫС ЖОЛҒА ШЫҚПАУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ.