АРЫСТЫҚ ПАЛУАН «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНЕ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНДА КҮШ СЫНАДЫ.

109

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өтті. Сайысқа облысымыздан іріктелген апайтөс 20 балуан қатысып, республикалық додаға жолдаманы сарапқа салды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан сайыстың ауқымы кеңейіп келеді. Осындай үрдіспен Отырар жерінде басталған қазақ күресі бәсекесінің ашылу салтанатында Түркістан обоысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен Отырар ауданының әкімі Сәкен Асылханұлы жарысқа қатысушы спортшыларды және жанкүйерлерді мерекелермен құттықтап, балуандарға сәттілік тіледі.

Тартысты бәсекеде Шардара ауданының тумасы Қайсар Шәмшидинов барлық қарсыласын жеңіп, жеңімпаз атанса, екінші орын Түркістан қаласының түлегі Бибарыс Әбдуғаниға бұйырды. Ал қола жүлдеге тағы бір шардаралық оғлан Руслан Аллаберді қол жеткізді. Астана төріндегі «Қазақстан барысы» турнирінде облыс намысын Қайсар Шәмшидинов пен Бибарыс Әбдуғани қорғайды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, медаль мен арнайы белбеу табысталды. Бірінші орынға 500 000 мың теңгенің сертификаты берілсе, екінші орынға 200 000 мың теңге ұсынылды. Ал үшінші орын иегері 100 000 мың теңгені иеленді.

Advertisements