АРЫСТАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР — 3 БІР БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ҮШ ТҮЛЕГІ БІР-АҚ КҮНДЕ БАТЫР АТАНДЫ

63

Балалар үйінің тағы бір тәрбиеленушісі, соғыс қарсаңында осында тәрбиеленіп, еңбек еткен Садық Ысмайыловтың асқан ерлігі Украина қаласы Мелитопольді азат ету үшін өткен шайқаста жарқ ете көрінді.

1943 жылы Мелитополь үшін шайқас етек жайып қыза түсті. Қала көшесінде немістің әйгілі «Тигр» танкілерінің үшеуі С.Ысмайылов жасырынған үйге бет алады. Аға сержант Садық оларды өткізіп жіберіп, артынан соққы беріп, үш танкіні де жояды. Осы кезде неміс автоматшыларының оғына тап болады. Осы ұрыста С.Ысмайылов гранатамен 5 фашисті құлатып салады. Қалғандары айбарлы қазақтың көзсіз ерлігіне шыдамай, кейін қаша жөнеледі. Оған осы шайқастағы қаһармандығы үшін 1943 жылдың 1 қарашасында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Отан үшін отқа түсуге әрқашан да даяр тұрған көзсіз батырлар үшін бұл әдеттегі іс екені аян.

Дегенмен, бір балалар үйінің үш бірдей түлегінің араға бір-ақ күн салып батыр атануы сирек оқиға…

Advertisements