АРЫСТАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР — 4 ӘР СҮЙЕМ ЖЕРДІ ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

62

Балалар үйінің тағы бір түлегі, Кеңес Одағының Батыры – Иван Журба. 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы, атқыштар ротасының командирі, гвардия кіші лейтенанты И.Журбаның ротасы 1943 жылы қарашаның басында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтті. Ол басқарған рота жау қорғанысын бұзып, Киев қаласының маңында орналасқан Святошино селосын азат етті де, жау тылындағы Киев-Житомир тас жолын басып алды. Фашистер қарсы атакаға шығып ұрыс салғанымен, И.Журба бастаған 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы қолға түсірген әр сүйем жерді негізгі күш келгенше қорғады. Юровка селосы үшін болған шайқаста асқан ерлік көрсетіп, ол басқарған рота басқыншылардың 100-ден астам солдатының көзін жойды.

КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1944 жылы Днепрді, Киевті азат ету соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

И.Журба соғыс аяқталған соң запасқа шығып, Қызылорда қаласында қызмет жасады. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Advertisements