СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

55

Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың төрағалығымен Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Мәжіліске Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптің сақталуы және қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және ағымдағы жылда бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға бөлінген бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану туралы» қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жомарт Тұрсымбеков баяндама жасаса, «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерімен (комплаенс қызметі) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының нәтижесі туралы» туралы Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Ақылбай баяндама жасады.

Сондай-ақ, Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі болды.

Күн тәртібінде «Жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын алу» және екінші мәселе «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы (мал, пәтер ұрлықтары, алаяқтық, қарақшылық, тонау және т.б.).» туралы Арыс ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Омархан Алхожаев және «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» жөнінде Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығының басшысы Ермек Сқақов баяндама жасады.

Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.

 

Advertisements