АРЫС АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАЛҒАТ СЕЙДУАЛИЕВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ, ҚАЙТА ҚЫЛМЫС ЖАСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ, ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҒИМАРАТЫНДА МЕКЕМАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ.
Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Арыс ауданы полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов, Арыс ауданы полиция бөлімі ЖПҚ бастығы Жандос Ахметов, Арыс қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жомарт Тұрсымбеков, Арыс қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков, Арыс қалалық пробация қызметі бастығының м.а. Н.Қуатов, Арыс қалалық «Мансап орталығы» филиалының директоры Ерболат Медетбеков қатысты.
Іс-шараның мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға деген қөзқарасын қалыптастыру, жұмыспен қамту әлеуметтік көмек және құқықтық көмек көрсету, қайта қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауының алдын алуға бағытталған.