Арыс қаласының құрметті азаматы Расиль Байков зиялы қауыммен кездесу өткізді

8

 

Арыс қаласында танымал тоғызқұмалақ шебері, қала құрметті азаматы Расиль Байковтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара барысында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз шеберліктерін сынады.

 

Кездесуге жиналған қауым қазақтың дәстүрлі ойынының маңыздылығын атап өтіп, оның жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын айтты. Тоғызқұмалақтың терең логикалық және стратегиялық ойын екенін ескерсек, ол жастардың ой-өрісін кеңейтуде үлкен септігін тигізеді.

 

Кездесуде ұлттық ойынмен қатар, қазіргі күннің өзекті мәселелері де талқыланды. Қазыналы қариялар елімізде жақында өтетін Атом электр станциясын (АЭС) салуға қатысты референдум туралы пікір алмасты. Референдумның маңыздылығы, елдің болашағы мен энергетикалық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Ақсақалдар АЭС салудың экономикалық және экологиялық аспектілерін таразылай отырып, оның болашақ ұрпаққа беретін мүмкіндіктерін де сөз етті.

 

Бұл кездесу Арыс қаласының зиялы қауымы мен ардагерлері арасында пікір алмасудың, ұлттық дәстүрлерді сақтаудың және өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңы болды.

Advertisements