Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау

96

Бүгін қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Қазақстанда АЭС салудың экономикалық артықшылықтары туралы пікір алмасу болып өтті.
Кездесу барысында сарапшылар:
«2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленіп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша уран өндірісі 21,3 мың тоннаны құрады. Екінші орында – Канада, үшінші орында – Намибия және төртінші орында көршіміз – Өзбекстан.
Ғылыми түрде дәлелденгендей, АЭС құрылысына алғашқы шығындарды есептемегенде, ядролық энергетика – ең экономикалық тиімді энергетикалық шешімдердің бірі. Мұндағы электр энергиясын өндіру бағасы газ, көмір немесе мұнай пайдаланатын ЖЭО-ға қарағанда әлдеқайда төмен. Сондай-ақ, бұл оң экономикалық әсерді тек жанар-жағармайдың аталған түрлері станциялар маңында орналасқан жағдайда ескеру қажет.
Атомдық станциялар – бұл ауа райы жағдайларына тәуелсіз энергия көзі. Күннің уақытына, жыл мезгіліне, бұлттылыққа, жаңбырға, желдің күшіне және толқындардың биіктігіне қарамастан, сенімді жұмыс істейді. Бұл «жасыл» шешімдерге, мысалы, күн және жел энергиясына қарағанда, инвестицияның жақсы қайтарымын қамтамасыз етеді» деп атап өтті.
Сарапшы Е.Альфатаевтың сөзіне жүгінсек:
АЭС салудың тағы бір дәлелі – экологиялық фактор. Бүгінгі таңда бұл біздің еліміз үшін өте маңызды, өйткені көмір мен табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциялары атмосфераға көмірқышқыл газын шығарады. Бұл парниктік әсері күшейіп, жер атмосферасының қызуына, климаттық өзгерістерге әкеледі. Біз қазірдің өзінде бұл әсерлерді сезінудеміз: ауа райының өзгеруі, әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі және басқа да құбылыстар орын алуда. Атом электр станцияларында көмірқышқыл газ шығарындылары өте аз. АЭС өндірген энергия көлемімен салыстырғанда, атмосфераға басқа энергия көздерінен бөлінетін парниктік газдар аз болып табылады.
Қазақстан үшін климаттың өзгеруімен күресу басым бағыт болып табылады, сондықтан 2016 жылы еліміз Париж келісіміне қол қойып, 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға төмендету міндетін алды. Сонымен қатар, ҚР Президенті өз Жолдауында басты міндеттердің бірі ретінде 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді белгіледі. Бұл дегеніміз, Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының орнына баламалы энергетика келеді. Бірақ бүгінде әлемде ең дамығаны – атом энергетикасы.
Қазақстан бірнеше энергия түрлерін пайдаланады:
1. Жылу энергетикасы;
2. Гидроэнергетика;
3. Жаңартылатын энергетика;
4. Жел энергетикасы;
5. Күн энергетикасы.
Электр энергиясы үздіксіз жұмыс істегенде, оның өзіндік құны ең төмен болады. Қазіргі уақытта бұл адамзат үшін басты мәселелердің бірі. Сонымен қатар, АЭС салатын барлық компаниялар 60 жылға кепілдік береді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, АЭС кем дегенде 80 жыл жұмыс істейді. Ал әрі қарай оны 100 жылға дейін ұзартуға болады.
Атом энергиясы – бұл энергияның орасан зор көзі. Бар болғаны 1 кг уран 4%-ға байытылған жағдайда, шамамен 100 тонна жоғары сапалы көмір немесе 60 тонна мұнай жағумен бірдей энергия береді.
Тағы бір маңызды артықшылық – кадр мәселесі. Атом электр станциясын салу кезінде шамамен 8 мың адам жұмыспен қамтылуы мүмкін, ал болашақта оның жұмыс істеуінде шамамен 2 мың маман қызмет атқарады. Халықтың оң шешімі елдегі еңбек нарығына және елдің дамуына оң әсер етеді деп сенемін.
Қазіргі уақытта еліміздегі электр энергиясының 70%-ы көмір станцияларынан алынатынын ескерсек, бұл тұрғыда АЭС отандық тауар өндірушілер үшін әлемдік нарыққа шығудың трамплині болады деп нақтылап өтті.

Асқар Маралов – қала тұрғыны, кітапхананың тұрақты оқырманы

Advertisements