МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ

95

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды.

Бұл ретте, Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне талдау жүргізу арқылы қызметтердің сапасын дамыту, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша толық іске асыру және қызмет көрсетушілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін тұрақты түрде ұсыныстар енгізеді.

Аталған талдау мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру, оның ішінде құқықтық реттеу, оңтайландыру және автоматтандыруға бағытталған.

Жалпы, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша 200-ге жуық ұсыныстар енгізілген.

Өз кезегінде, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларымен ұсынылатын саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына сәйкес жануарлар реттеу шегі бойынша беріледі.

 

 

Түркістан облысы бойынша 2024 жылға 312 қасқыр, 856 шибөрі реттеу
шегі белгіленген.

 

 

Мысалы, аталған мемлекеттік қызмет сұранысқа ие болғандықтан, қасқыр мен шибөріні аулауға арналған реттеу шегі (лимит) 1 ай көлемінде таусылуда.

Дегенмен, қызмет алушылар лимит санының бітуінен хабарсыз болуына байланысты қызмет берушіге жыл бойы өтінімдерді үздіксіз жолдауда.

Бұл тұста, Инспекцияның жауапты маманы лимит саны бітсе де, келіп түскен өтініштерді өңдеп, жауап беріп, жұмыс уақытын тиімсіз пайдалануда.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру мақсатында, жануарларды аулауға берілген лимит санының таусылуымен аталған мемлекеттік қызметке өтінімді беру мүмкіндігін Порталда автоматты түрде тоқтатылуы бойынша жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныс жолданды.

Нәтижесінде, аталған ұсыныс қолдау тауып, заңнамаға және ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы секілді сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында тиісті жұмыстар Департамент тарапынан тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

Наурызбаев Абылайхан Дағыстанұлы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

Advertisements