КЕЗЕКШІ БРИГАДАЛАР ҚАР ТҮСКЕН СӘТТЕН ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ КІРІСКЕН

421
Әл-Фараби ауданы аумағындағы көшелерін қардан тазарту жұмыстары 4 бағытта жүргізілуде. Әр бағыт бойынша схема дайындалып, көшелердің ұзындығы белгіленген. Қар жауған сәттен бастап, кезекші бригадалар жұмысқа кірісіп кетті.
Бүгінде қардың көп түспеуіне байланысты қаланың көшелерін тазалауға 24 техника, ал 6 шағын тракторлар аяқжолдарды қардан тазартуға жұмылдырылды. Таңғы қызу қозғалыс басталғанға дейін көшелердің қардан тазартылуы жіті қадағалауда.
Бүгінде ауданда қыс мезгілінде көшелердегі қарды күреуге арналған жалпы 25 бірлік техника, 8 бірлік тиегіш (погрузчик), 7 трактор, 16 бірлік самосвал, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус, 1 бірлік “автомастерская” техникасы, жалпы 61 техника 285 жұмысшы жұмылдырылған. Жалпы аудан аумағын 4 сағат ішінде қардан түгел тазарту мүмкіндігі бар.
Қосымша қажеттілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 29 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалған.
Сонымен қатар, көшелерге себетін тайғаққа қарсы 7000 м3 құм,1100 тонна тұз және керекті инертті заттардың көлемі анықталған. Қазіргі таңда қоймада 825 м3 инертті зат бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Advertisements