Шардара ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

748

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған ауыл билері мен тұрғындар тарапынан азық-түлік бағасы реттеу, жаңадан ауыз су ұңғымасын қазу, Өтеғұл елді мекенінен мектепке қосымша ғимарат және үйірме ретінде спорт зал салу, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, жер заңдастырып алу, ортақ мал жайылым мәселесі, жұмыспен қамту,


әлеуметтік көмек ретінде көмір алу, такси бағасын реттеу және өзге де әлуметтік мәселелер айтылды. Көтерілген мәселелердің шешу жолы қарастырылып, тұрғындардың үніне құлақ түрілді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелерге заңды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берді. Сондай-ақ, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements