Түнгі рейдтік іс-шара өтті

282

Арыс қалалық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің ұйымдастыруымен, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе түнгі рейдтік іс-шарасы өткізілді.

Жүргізілген рейдтің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды сонымен қатар, қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерді, түнгі мезгілде ойын – сауық мекемелерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде ата – аналарының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, ойын – сауық мекемелерінің иелеріне және беймезгіл уақытта көшеде, ойынханаларда жүрген жасөспірімдердің ата – аналарына әкімшілік шаралар қолдану болып табылады.

Түнгі рейдте кәмелетке толмаған жасөспірімдерге заңды өкілінсіз түнгі 23.00-ден кейін көшеде, ойын-сауық орындарда жүрмеу керектігі ескертілді.

 

Advertisements