АРЫСТЫҢ АТЫН АЛЫСҚА ТАНЫТҚАН ЧЕМПИОНДАР

245

Маусымның 2 мен 5-і аралығында Қостанай қаласында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек спортынан жасөпірімдер арасында ел чемпионаты өтті.

Республика бойынша 200-ден астам спортшы қатысқан жарыста тепсе темір үзер ұл – қыздар өзара күш сынасып, шаршы алаңда мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеге Арыс қаласынан жеті жерлесіміз қатысып, 3 алтын, 1 қола медаль олжалады.

Атап айтқанда, Аяжан Ергентай (52 кг), Аяулым Аубәкір (44 кг), Ақжүніс Жақсылық  (70 кг) алтын медаль иеленсе, 56 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жанель Қанатқызы қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Аяжан Ергентай мен Аяулы Аубәкір Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Айта кетейік, бұған дейін арыстық спортшы қыздарымыз Өзбекстан республикасында 26-30 мамыр күндері аралығында өткен Әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді қанжығаға байлады.

 

Advertisements