АРЫС ҚАЛАСЫ ӘКІМІ БАЛАЛАРМЕН САЯБАҚТА СЕРУЕНДЕДІ

280

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Теміржолшылар паркінде «Бар мейірім – балаларға» атты мерекелік шара өтті.

«Қазкөліккәсіп-2022» Шымкент филиалы кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен жиынға арнайы келген шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова балалармен саябақта серуендеп, олардың өнерін тамашалады.

Мерекелік шарада қалалық мәдениет үйінің әншілері мен өнерлі ұл-қыздары дайындаған концерттік бағдарлама Арыс аспанын әнге бөлеп, балаларға қуаныш сыйлады.

Бұдан бөлек, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, белсенді қатысқан балаларға алғыс хаттар мен мерекелік сыйлықтар табысталды.

 

Advertisements