АРЫСТА ӘКІМДІКТІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС ӨТТІ

241
Бүгін Арыс қаласы әкімі Гүлжан Құрманбекованың төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті.
Мәжіліске әкім орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Қала аумағында ауылшаруашылық және тұрғын үй салу мен кәсіпкерлік мақсатында берілген жерлерді тиімді пайдалану жұмыстарының барысы» туралы қалалық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Досымхан Сералиев баяндама жасады.
Екінші мәселе бойында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 және 2022 жылдың І-тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі туралы» бөлім басшысы Әлмаханбет Әділбековтың баяндамасы тыңдалды.
Мәжіліске қатысушылар тарапынан баяндамышаларға сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәжілісті қорытындылаған қала басшысы Гүлжан Мамытқызы сала басшыларына кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Advertisements