ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРДІҢ ҚҰНАРЫН ТАБИҒИ ЖОЛМЕН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

212
Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында егістік жерлердің құнарын табиғи жолмен арттыру бойынша семинар өтті.
Қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлының төрағалығымен өткен семинар барысында биогомус жобасының жан-жақты даму жоспарының іске асыру жолдары, қолдаулар мен табыс көздері туралы кеңінен айтылды.
Тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері, агроқұрылым төрағалары мен қаламыздың вермифермерлері қатысқан жиында «Қазақстанның вермифермерлер кооперацияларын дамыту» комитетінің төрағасы Бақытжан Мырзанұлы биогумустың пайдасы мен дамыту жолдары кеңінен айтып берді.
«Шылаушан қалдығынан шыққан биогумус жердің құнарын табиғи әрі өте жорғары түрде күшейтетін тыңайтқыш. Ол топырақтың құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумус қолданылғаннан кейін топырақты бірнеше жылдар бойы қатарынан қолдануға болады.- деді Бақытжан Мырзанұлы.
Сондай-ақ, “QazVerm” тұтынушылар кооперативінің төрағасы Пернебек Оразұлы «Органикалық тыңайтқыштарды (биогумус) субсидиялау туралы» баяндама жасап, жобаның мақсаты агроөнеркәсіпті көтере отырып, әлемдік азық-түлік дағдарысынан шығуға және химиялық заттарсыз, органикалық таза өніммен денсаулықты да нығайту екендігін айтты.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан сауалдар мен пікірлер айтылып, жобаны дамыту жолдары талқыланды.
Айта кетейік, бұл кәсіптің тиімділігі – калифорниялық шылаушындар малдың көңін “жеу” арқылы құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылылайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді арттырады. Айта кетейік, бүгінгі таңда биогумус кәсібі Арыста дамып келеді, қазіргі таңда қала аумағында 54 вермифермерлер жұмыс істеуде.
Возможно, это изображение 7 человек и люди стоят
Advertisements