ҚҰРМЕТТІ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

285
Сіздерді табиғат ана оянып, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін көктем мезгілінің келуімен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке барымызды бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара қарым-қатынасымызды достыққа бастайды.
Бүгінгі таңда қаламызды күл-қоқыстан тазартып, жасыл-желектерді күтіп, баптау мен көгалдандырудағы тыңғылықты еңбек етіп жүрген азаматтар жетерлік.
Бұдан бөлек ақ халатты абзал жандар халықтың саулығы үшін анттарына адалдық танытып, әрдайым адам жанының арашасы болып келеді.
Ақпан айының басында болған су тасқынының алдын алу кезінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен №44859 әскери бөлім сарбаздары толарсақтан саз кеше жүріп, қауіптің алдын алды.
Төтенше жағдай кезінде елдің тыныштығы үшін тәртіп сақшылары тәулік бойы қызмет жасады.
Сонымен қатар, өткен жылдары қуаңшылықты еңсеру бағытында атқарылған жұмыстарға атсалысып, шаруаларға көмек қолын созған жандар аз болмады.
Осындай қиын сәттерде бірліктің, елдіктің үлгісін көрсетіп, жанашырлық танытып, ел үшін аянбай еңбек еткен барша азаматтарға және кәсіпкерлер мен меценаттарға шынайы алғыс білдіремін.
Қадірлі жерлестер!
Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арыс қаласының әкімі
Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Advertisements