АРЫС ҚАЛАСЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

378

Бүгін «1 Наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі аясында қалалық мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті. Оған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл мен этномәдени бірлестік мүшелері, түрлі сала өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік шара өнер мектебі ұжымының орындауындағы қазақтың қоңыр күйімен басталды. Содан соң мәдениет үйінің өнерпазы Е.Келдібек «Ауыл-ел аманба» әнін орындаса, «Оймақ» биін орындаған мың бұрылған бишілер кештің көрігін қыздыра түсті.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арыстықтарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Бұл мереке барымызды бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара қарым-қатынасымызды достыққа бастайды. Бейбітшілікті ту етіп, бүкіл әлемге үлгі болған, ел ынтымағын айрандай ұйытып, тұрақты дамуға бастаған, бауырмал болмысымен танылған әрбір отандасыма, әрбір арыстық азаматқа, әрбір жерлесіме шын көңілмен ризашылығымды білдіремін, – деді Гүлжан Мамытқызы.

Өз кезегінде қалалық этномәдени бірлестік өкілдері де тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және жарқын өмір үшін өз алғыстарын жеткізді.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты. Мәдениет үйінің өнерпаздары А.Бексейітов, Р.Кеңесбаевтар әуезді әндерімен көрермен қошеметіне ие болса, «Алтынай» би тобы көптің ыстық ықыласына бөленді.

Возможно, это изображение 5 человек и люди стоят

 

Advertisements